2021 жылғы 3 маусымда Сыртқы саяси зерттеулер институтының Басқарма төрағасы Болат Нұрғалиев Пәкістанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саджад Ахмед Сихармен кездесті.
2021 жылғы 3 маусымда Сыртқы саяси зерттеулер институтында ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Азиядағы Өзара Іс-қимыл және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңесі Хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбаймен кездесті.
2021 жылғы 1 маусымда ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институтының Басқарма төрағасы Болат Нұрғалиев пен Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы Басқарма төрағасы Болат Сәрсенбаев Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Іс-шараға ССЗИ Басқарма төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев және Діни жағдайды талдау және дінтану сараптамасы институтының жетекшісі Ержан Байбол қатысты.
2021 жылы 25 мамырда Сеул қаласында ҚР Сырты істер министрлігі жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институты және Асан саяси зерттеулер институты арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
2021 жылғы 25 мамырда Варшава институты мен Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің бірлесіп ұйымдастырған «Табысқа жетудің тарихы. Қазақстан мемлекеттілігінің 30 жылдығы және Қазақстан мен Польшаның болашақ қарым-қатынастарының сын-қатерлері» атты онлайн семинар өтті.
2021 жылы 19 мамырда ҚР СIM Сыртқы саяси зерттеулер институтының аға сарапшысы С.Савельев, Халықаралық Қызыл Крест комитеті ұйымдастырған «Халықаралық гуманитарлық құқықтың өзекті мәселелері мен проблемалары» семинарына қатысты.
Ү.ж. 19 сәуірінде трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы Конвенция бюросында Қазақстан Республикасының төрағалық етуі жөніндегі Жұмыс тобының (ЖТ) үшінші отырысы өтті.
2021 жылғы 15 сәуірде Сыртқы саяси зерттеулер институтының Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының стратегиялық даму, зерттеу жұмысы және халықаралық әріптестік жөніндегі Вице-ректоры Айгүл Көшербаевамен кездесті.
2021 жылғы 6 сәуірде ҚР Сыртқы істер министрлігінде Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийартоның Қазақстанға ресми сапары шеңберінде Қазақстанның СІМ жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институты мен Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер институты арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институты Басқарма Төрағасының Орынбасары Манарбек Қабазиев 2021 жылғы 2 сәуірде "«Хабар» арнасының «7 күн» бағдарламасы үшін Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасы туралы «Шығыс векторы» тақырыбында сұхбат берді.
Бүгінде ҚХР жаһандық экономиканың негізгі драйверлерінің біріне айналды. Екінші жаһандық интеграция циклінің таңғаларлық нәтижелерінің бірі – бұрын батыс сарапшылары «артта қалған» және «жабық» үшінші әлем елі ретінде қабылданған Қытайдың қарқынды дамуы. Қытайдың қысқа мерзімде кеңестік стильдегі жоспарлы экономикадан тиімді аралас типтегі нарықтық модельге салыстырмалы түрде ауыртпалықсыз көшуге қалай қол жеткізгені күрделі талдау жасауға лайықты.
2021 жылғы 24 ақпанда Сыртқы саяси зерттеулер институты Басқарма Төрағасының Орынбасары Болат Нұрғалиев пен Конрад Аденауэр қорының өкілдігінің Басшысы Йоханнес Д.Райдың кездесуі өтті.
2021 жылғы 10 ақпанда американдық Джордж Вашингтон Университетінің Еуропалық, ресейлік және еуразиялық зерттеулер Институтының Орталық Азия бойынша бағдарламасы ұйымдастырған "Қазақстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығы" атты конференциясы онлайн режимде өтті.
2021 жылғы 19 ақпанда Нұр-Сұлтандағы Үндістан Елшілігінде "ССЗИ" АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары Болат Нұрғалиев Үндістанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Прабхат Кумармен кездесті.
Су – планета мен адамзат өміріндегі ең құнды ресурс. Орталық Азия үшін бұл ресурсты өңірді біртұтас жүйе ретінде қалыптастыратын маңызды табиғи-гео¬графиялық фактор деп айтуға болады.
2021 жылғы 28 қаңтарда Cыртқы саяси зерттеулер институтының аға сарапшысы Сергей Савельев Қазақстанның Пагуош комитетінің 4-ші отырысына он-лайн түрінде қатысты.
2021 жылғы 14 қаңтарда вашингтондық Стратегиялық қауіп-қатерлер орталығының платформасында Орташа және қысқа қашықтықтағы зымырандар туралы шарттың ядролық құрамдас бөлігі: тұжырымдар мен халықаралық аспектілер"тақырыбында он-лайн конференция өтті.
Нұр-Сұлтан, 2020 жылғы 25 желтоқсан – «Сыртқы саяси зерттеулер институтты» АҚ-ның («ССЗИ» АҚ) 2020 жылдағы жұмыс нәтижесінің қорытындысы туралы отырысы өтіп, оған Институттың Директорлар кеңесін басқаратын ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров және ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қатысты.
Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенция бюросына төрағалық ету мәселелері бойынша жұмыс тобының екінші отырысы өтті.
Ағымдағы жылғы 9 желтоқсанда Cыртқы саяси зерттеулер институтының "Халықаралық ұйымда және интеграциялық бірлестіктер" бөлімінің басшысы М.Жарбосынова ҚазақстанРеспубликасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Кітапханасыұйымдастырған "Назарбаевтың моделі: стратегиялық ынтымақтастық және жаһандық диалог" атты халықаралықғылыми-практикалық онлайн-конференциясынақатысты.
Швецияның Риксдагында алғаш рет Орталық Азия парламенттерімен Достық қауымдастығы құрылды. Швед саясаткерлерінің бұл маңызды қадамы осы ірі Скандинавия елі мен ауқымды Орталық Азия өңірі арасындағы жан-жақты қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал ететін диалог үшін кеңістік құруға бағытталған.
«ССЗИ» АҚ «Халықаралық ұйымдар мен Интеграциялық бірлестіктер» бөлімінің басшысы М.Жарбосынова «Единая Россия» партиясының ОСК ұйымдастырған және ү. ж. 22-23 қазанда бейнеконференция режимінде өткен «Экономика адамдар үшін» тақырыбындағы ШЫҰ+ халықаралық партияаралық Форумына қатысты.
Ағымдағы жылдың 28 қазанында Нидерланды-Қазақстан бизнес қауымдастығы (NKBA) «Қазақстандағы су проблемалары» тақырыбында вебинар өткізді (https://nkba.nl/news).
2020 ж. 21 қазанда Сыртқы саяси зерттеулер институтының аға сарапшысыСергей Савельев Қазақстанның Пагуош комитетінің бастауымен өткен «Қазақстандағы биотехнологиялар: пандемия кезіндегі әлемдік қауіп-қатерлер» атты он-лайн семинарының жұмысына қатысты.
Сыртқы саяси зерттеулер институтының қызметкерлері елші Мәдина Жарбосынова және аға сарапшы Сергей Савельев Қызыл Крест Халықаралық Комитеті мен Еуропалық колледжінің бастауымен өткен «ШАЙҚАС АЛАҢЫНДАҒЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР: ОЛАР ДОС ӘЛДЕ ЖАУ МА ЕКЕН?» атты 21-ші коллоквиумнің жұмысына қатысты.
"Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздіктің жаһандық сын-қатерлері және ынтымақтастықты нығайту" тақырыбында 20-шы халықаралық ПИР-орталығы (Ресейдің саяси зерттеулері) мектебіне қатысуға конкурстық іріктеу аясында жеңімпаздардың бірі «Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ Корпоративтік хатшысы Осман Досов болды.
Үстіміздегі жылғы 28 қыркүйекте Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігінің қолдауымен швейцариялық «Joint Chambers of commerce «Switzerland - CIS» сауда палатасының алаңында «New Silk Road Forum V» вебинары өтті.
Джонс Хопкинс атындағы Орталық Азия мен Кавказ Институтының (ОАКИ) (АҚШ, Мэриленд штаты) ғылыми-зерттеу саласындағы әріптестік байланыстар мен ынтымақтастықты кеңейту туралы уағдаластықтар шеңберінде Қазақстанның Вашингтондағы елшілігі арқылы Сыртқы саяси зерттеулер институтына (ССЗИ) Орталық Азия және Кавказ өңірлерінің проблемалары бойынша жарияланымдардың 200-ге жуық данасын сыйға берді.
2020 жылғы 4 қыркүйекте «Нұрсұлтан Назарбаев Қоры» жанындағы Елбасы Академиясы онлайн-форматта ұйымдастырған «Институционалдық реформалар мен 100 нақты қадам
2020 жылғы 8 шілдеде Америка сыртқы саясат кеңесі жанындағы вашингтондық Орталық Азия мен Кавказ институтының (ОАКИ) алаңында онлайн режимінде «Қазақстан тақырыптар шеңберінен тыс. Қ. Тоқаевтың алғашқы президенттік жылы».
Сыртқы істер Министрлігінде ҚР Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіровтің төрағалығымен «Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ («ССЗИ» АҚ) Директорлар кеңесінің үшінші отырысы өтті.
Қазіргі халықаралық қатынастар жаһандық басқарудың жаңа орталықтандырылған жүйесін қалыптастырудың белсенді үдерісіне байланысты өтпелі кезеңді бастан кешіп отырғаны анық. Бүгін әлемдік жүйедегі тектоникалық қозғалыстар тарихи дәуірлердің ауысуын куәландырады. Осы жағдайлар әлемдік дамудың болашағын түсіну, халықаралық істердегі негізгі үрдістерді талдау кез келген мемлекеттің тұрақты дамуы мен өркендеуі үшін ерекше стратегиялық мәнге ие болады.
2020 ж. 12 ақпанда «Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ (ССЗИ, Институт) Басқарма Төрағасы Елші Айымдос Бозжігітов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен кездесу өткізді. Халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелер мен Қазақстанның сыртқы саясатының басымдықтары туралы егжей-тегжейлі пікір алмасу өтті.
2019 жылғы 4 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саяи зерттеулер институтының (ССЗИ) Басқарма Төрағасы Айымдос Божігітов пен Иордания Хашимит Корольдігінің Елшісі Юсуф Абделғанидің кездесуі өтті.
2019 ж. 27 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ұйымдастыруымен «Президенттік институт: қазақстандық модель» атты халықаралық парламенттік конференция өтті.