
Директорлар кеңесіне сайланған күні: 2025 жылғы 22 желтоқсан, алғаш рет 2019 жылғы 9 желтоқсанда сайланған (2022 жылғы 23 қыркүйекке дейін)
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.
Туған күні: 1972 жылғы 2 желтоқсан.
Білімі:
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, философия және саясаттану факультеті, «Саясаттану» мамандығы (1996 ж.)
Аспирантура - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, саясаттану кафедрасы, (1999 ж.)
Докторантура - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, саясаттану кафедрасы (2007 ж.)
Ғылыми дәрежесі: Саяси ғылымдарының докторы (2007 ж.), Саяси ғылымдарының кандидаты (1999 ж.)
Біліктілігін арттыру және тағылымдамалары:
1997 ж. - Джордж К. Маршалл ат. Еуропалық қауіпсіздік мәселелерін зерттеу орталығында ғылыми тағылымдама (Гармиш-Партенкирхен қ.), Германия;
2001-2002 жж. – Дидро стипендиаты, Жоғары әлеуметтік ғылымдар мектебінде тағылымдама (École des hautes études en sciences sociales, EHESS), Париж, Франция;
2003 ж. – Еуразиялық стратегиялық зерттеулер орталығында тағылымдама (Avrasya Stratejik Araştırmalar Merkezi, ASAM), Анкара, Турция;
2005 ж. – Шет тілдері университетінде шетел зерттеуші (Hankuk University of Foreign Studies, HUFS), Сеул, Республика Корея;
2006 ж. - Жоғары әлеуметтік ғылымдар мектебінде шақырылған профессор ((cole des hautes études en sciences sociales, EHESS), Париж, Франция;
2014 ж. - Стратегия, талдау және жоспарлау орталығының шақыртылған зерттеушісі (Centre d’analyse, de prévision et de stratégie, CAPS), Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігінің Болашақтың көрнекті тұлғаларын (PIPA) шақыру бағдарламалары.
2023-2024 жж. «500 ғалым» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдама, Джордж Вашингтон университеті, Эллиот атындағы Халықаралық қатынастар мектебі. Вашингтон, АҚШ.
Еңбек жолы:
1996-1997 жж. – Д.А. Қонаев атындағы гуманитарлық институттың оқытушысы.
1997-1998 жж. – Қазақстан даму институтының ғылыми қызметкері.
1999-2005 жж. – ҚР БҒМ-ның Р.Б. Сүлейменов атындағы шығыстану институты директорының орынбасары; халықаралық қатынастардың кешендік мәселелері бөлімінің меңгерушісі; 2004 жылдан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің доценті.
2006-2009 жж. – ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-дің директорының бірінші орынбасары; 2008 жылдан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің профессоры.
2009 ж. – ҚР СІМ Сыртқы саяси талдау және болжау комитеті төрағасының орынбасары.
2009-2015 жж. – ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері.
2014-2024 жж. – ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-дің директорының орынбасары; 2018 ж. қыркүйегінен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің ХҚФ профессоры.
2019-2022 жж. – «Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры (ҚР СІМ).
2024 ж. қыркүйегінен ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-дің бас ғылыми қызметкері.
Қоғамдық жұмыс:
ҚР Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Сараптама кеңесінің мүшесі;
ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саясат жөніндегі Кеңестің мүшесі;
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жанындағы Сыртқы саясат жөніндегі сараптамалық кеңестің мүшесі.
Мемлекеттік және халықаралық наградалар:
«Шанхай ынтымақтастық ұйымына 10 жыл» мерейтойлық медалі (2011 ж.)
«Ерен еңбегі үшiн» медалі (2015 ж.)
«Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медалі (2015 ж.)
«Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі (2016 ж.);
ҚР Президентінің алғыс хаты мен Құрмет грамотасы (2015, 2022 жж.)
«Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медалі (2018 ж.)
«Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы КСЗИ-дің 25 жылдығы» мерейтойлық медалі (2018 ж.)
«Құрмет» ордені (2021 ж.)
Негізгі ғылыми басылымдары:
Қазақстандық және шетелдік ғылыми-талдамалық басылымдарда 9 кітаптың, 250-ден астам ғылыми мақалалардың, бөлімдердің авторы. Зерттеу жұмыстарының тақырыптары Орталық Азиядағы саясаттану, сыртқы саясат және халықаралық қатынастар, өңірлік ынтымақтастық және қауіпсіздік мәселелерімен байланысты.