+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Мемлекеттік шекараның әскери-саяси маңызы туралы сараптамалық кездесу

2023 жылғы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Кітапханасында  «Мемлекеттік шекара – аумақтық тұтастық пен қауіпсіздіктің негізі» атты сараптамалық кездесу өтті, оған ССЗИ Басқарма төрағасы Болат Нұрғалиев қатысты.

Іс-шара мемлекеттік шекара туралы Заңның қабылдануының 30 жылдығына орайластырылды. Кездесуді тұңғыш Президент Кітапханасының дирекциясы ұйымдастырып, Мемлекеттік басқару академиясы, Ұлттық қорғаныс университеті, Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясы, Азиялық зерттеулер институты және басқа да мекемелерді қоса алғанда, Қазақстанның түрлі білім беру және талдау құрылымдарының беделді сарапшыларын шақырды.

Б. Нұрғалиевтің сөзінің мәтіні қоса беріледі.