Елші Болат Қабдылхамитұлы Нұрғалиев 1951 жылы Ақмола облысында дүниеге келді.
1980 жылы Кеңес Одағының Сыртқы істер министрлігіне жұмысқа орналасты. .
Кеңес Одағының Оңтүстік Азиядағы елшіліктерінде – Пәкістан Ислам Республикасы (1981-1985 жылдары) және Үндістан Республикасында (1990-1992 жылдары) екі шетелдік іс-сапардан кейін 1992 жылы тәуелсіздік алған Қазақстан Республикасына оралып, Сыртқы істер министрлігіне жұмысқа кірді. Онда халықаралық қауіпсіздік және қару-жарақты бақылау басқармасының бастығы, сондай-ақ кейіннен Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметтерін атқарды.
Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы (1996-2000 жылдары), Корея Республикасындағы (2001-2003 жылдары), Жапониядағы (2004-2006 жылдары) және Израиль Мемлекетіндегі (2012-2014 жылдары) Елшісі болды. 2007-2009 жылдары Қытай Халық Республикасының Пекин қаласында орналасқан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы еді.
Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету кезеңінде бұл ұйымның әрекет етуші төрағасының ұзаққа созылған қақтығыстар жөніндегі арнайы өкілі қызметін атқарып жүрді.
2014 жылы еліміздің дипломатиялық қызметіндегі жұмысын аяқтағаннан кейін «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы президентінің кеңесшісі ретінде жұмыс істеді. 2019 жылғы желтоқсаннан бастап, ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институтының АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып, 2021 жылғы сәуірде осы мекеменің Басқарма төрағасының лауазымына тағайындалды.
Үйленген, жұбайы ̶ Алма Нұрғалиева, екі баланың әкесі, қызы ̶ Алмагүл, ұлы ̶ Ерден.
Жасаған еңбегі үшін "Құрмет" ордені (2010 жыл), "Достық" ордені (2020 жыл) және медальдармен марапатталған. 1996 жылы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі дипломатиялық дәрежесін алды.
Тәженов Амангелді Ыдырысұлы, 1954 жылы 26 қазанда Тюмень облысының Есіл ауданында дүниеге келді. 1972 жылы Голышманов ауданының Гладиловка орта мектебін бітірді. 1977 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институтының тарих-педагогикалық факультетін бітірген. Институт комсомол комитеті хатшысының орынбасары болып сайланды. Облыстық студенттік отрядтар штабының комиссары болып жұмыс істеді.
1977-1979 жылдары-Солтүстік Қазақстан облыстық комсомол комитетінің мектеп, студент жастар және пионерлер бөлімінің нұсқаушысы;
1979 – 1982 жылдары – Қазақстан ЛКЖО ОК мектеп жастары және пионерлер бөлімінің нұсқаушысы, Қазақ КСР Жастар Ұйымдары Комитетінің жауапты хатшысы;
1982 – 1996 жж. – Қауіпсіздік органдарында жедел және басшылық лауазымдарда қызмет ету;
1996 – 1999 жылдары – ҚР ҚХР-дағы Елшілігінің кеңесшісі;
2000 – 2004 жылдары – ҚР СІМ баспасөз қызметі бөлімінің бастығы, Ақпарат және талдау басқармасының бастығы;
2004 – 2007 жылдары – ҚР ҚХР-дағы Елшілігінің кеңесшісі;
2007 – 2009 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2009 жылғы наурыздан 2017 жылғы қазанға дейін «Сырбар» Қазақстан Республикасы Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары болып жұмыс істеді. II дәрежелі «Данқ» орденімен, көптеген медальдармен және ведомстволық наградалармен марапатталған.
1 сыныпты кеңесші дипломатиялық дәрежесіне ие.
Қазақстанның дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері.
Үйленген, жұбайы-Сара Досанқызы, екі ұлы және бес немересі бар.
1974 жылы 1 қаңтарда Атырау облысында дүниеге келді.
1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін үздік бітірген (заңгер-құқықтанушы, мамандығы халықаралық құқық).
2009 жылы Ресей Федерациясы СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген (халықаралық қарым-қатынастар саласындағы маман).
Саяси ғылымдарының кандидаты.
Түркия СІМ Дипломатиялық академиясының курстарын (Анкара қ., 1998 ж.), ЕҚЫҰ Академиясының жанындағы Дипломатиялық курстарды (Вена қ., 2000 ж.), ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтының біліктілікті арттыру бағдарламасын (Астана қ., 2012 ж.), Конфуций институты жанындағы тілдік курстарды (Бейжің қ., 2018 ж.) аяқтаған.
1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жүйесінде жұмыс істейді.
1998-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Бірінші департаменті Халықаралық қауіпсіздік және қару-жарақты бақылау басқармасының референті.
1999-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаментінің атташесі, үшінші хатшысы.
2002-2005 жылдары – Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы.
2006-2009 жылдары - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің кеңесшісі.
2009-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы СІМ ТМД департаменті Ресеймен ынтымақтастық жөніндегі басқармасының басшысы.
2011-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы СІМ ТМД департаменті ТМД Еуропалық елдер басқармасының басшысы.
2013-2015 жылдары – Қазақстан Республикасы СІМ ТМД департаменті директорының орынбасары.
2015-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі.
2019-2020 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы "Сыртқы саяси зерттеулер институты" АҚ Сыртқы байланыстар бөлімінің басшысы.
2020 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы "Сыртқы саяси зерттеулер институты" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
1 сыныпты кеңесші дипломатиялық дәрежесіне ие.
Ағылшын, түрік және қытай тілдерін меңгерген.
III дәрежелі "Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін" (Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен, 2015 ж.),"ҚР Дипломатиялық қызметіне 25 жыл" (Сыртқы істер министрінің бұйрығымен, 2017 ж.),"Ғарыш саласын дамытуға қосқан үлесі үшін" (ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен, 2018 ж.) медальдарымен марапатталған. "ШЫҰ-ның қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін" (ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің шешімі 2021), Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен "Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл " (2021), Сыртқы істер министрінің бұйрығымен "ҚР дипломатиялық қызметіне 30 жыл", АӨСШК-нің 30 жылдығы" (АӨСШК процесін нығайтуға және дамытуға қосқан зор еңбегі мен құнды үлесі үшін, 2022), ҚР Премьер-Министрінің (2014 ж.) және ҚР Сыртқы істер министрінің (1998 ж., 2001 ж., 2002 ж.) алғыс хаттарымен, ҚР Сыртқы істер министрінің Құрмет грамоталарымен (2012 ж., 2018 ж., 2019 ж., 2023 ж.,) марапатталған.
Үйленген, үш баласы бар.