
Біз туралы
Қазақстан Республикасы СІМ жанындағы «Сыртқы саяси зерттеулер институты» акционерлік қоғамы 2019 жылғы қыркүйекте Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосын болжамды-талдамалық материалдармен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында құрылды.
Талдамалық зерттеулер ақпараттық-талдамалық қажеттіліктер мен жалғыз акционердің – ҚР СІМ-нің сұраныстарын ескере отырып, жоспарлы негізде жүргізіледі, қазақстандық сыртқы саяси басымдықтарды ілгерілетуге, Қазақстанның шетелдік әріптестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын нығайтуға жәрдемдесуге бағытталған қолданбалы сипатқа ие.
Институт қызметкерлері ҚР Сыртқы істер министрлігінде, қазақстандық шетелдік мекемелер мен халықаралық ұйымдарда жұмыс тәжірибесі бар құзыретті сарапшылар болып табылады.
Біздің миссиямыз
Институттың миссиясы Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын іске асыру үдерісіне жан-жақты аналитикалық қолдау көрсетуге, халықаралық қатынастар саласында кешенді қолданбалы зерттеулер жүргізу, Қазақстан үшін басым елдер мен аймақтардағы жағдайдың даму тенденцияларын зерттеу және болжау арқылы елдің қауіпсіз және тұрақты болашағын қамтамасыз етуге арналған.
Міндет
Институттың негізгі міндеті әлемдік саясат пен экономикадағы, өңірлік және халықаралық қауіпсіздіктегі ағымдағы өзгерістерді анықтау, сондай-ақ Сыртқы саяси стратегиясын іске асыру бойынша Сыртқы істер министрлігіне тәжірибелік ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Халықаралық ынтымақтастық
Институттың халықаралық ынтымақтастығы тұрақты бірлескен қоғамдық іс-шаралар: ғылыми конференциялар, семинарлар және екіжақты және көпжақты негізде ұжымдық зерттеу жобаларына қатысу арқылы іске асырылады. Шет мемлекеттердің СІМ жанындағы Талдау бөлімшелерімен және ведомстволық «ақыл-ой орталықтарымен» тұрақты жұмыс байланыстарына ерекше назар аударылады.
Бүгінгі таңда Институт шетелдік және отандық ақыл-ой орталықтарымен ынтымақтастық туралы ондаған меморандумдарға қол қойды.
Мақсаттары мен қызмет түрлері
Қоғамның құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті болып табылады.
Қоғам акцияларының 100% мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы, Жалғыз акционердің функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылатын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне берілді.
Қоғам 1 022 213 мың теңге сомасына 3 749 718 дана жай акция шығарды және орналастырды, оның ішінде: 1 данасының бағасы 3 024 591 теңге болатын 214 дана және 1 данасының бағасы 100 теңге болатын 3 749 504 дана.
Жалғыз акционердің дивидендтер алуға құқығы бар, ол таратылған жағдайда Қоғамның мүлкінің бір бөлігіне құқығы және Қоғамның акцияларын сатып алуға айырықша кұқығы бар.
Қоғам қызметінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын әзірлеу және іске асыру кезінде талдамалық зерттеулерді жүзеге асыру болып табылады.
Қоғамның негізгі қызмет түрлері:
1) сыртқы саясат және халықаралық қатынастар саласында талдамалық зерттеулер жүргізу;
2) меншікті мүлікті жалға беру және басқару.
2024 жылғы қызметтің қорытындысы бойынша меншікті капитал мөлшері 1 792 270 мың теңгені, активтер мөлшері 2 137 106 мың теңгені, таза кіріс 116 781 мың теңгені, дивидендтер – 116 781 мың теңгені құрады.
2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қоғамның активтері: инвестициялық мүлік – 59,2%, ақша қаражаты – 28,0%, негізгі құралдар, пайдалану құқығы түріндегі активтер және материалдық емес активтер – 10,7%, өзге активтер – 2,1% құрады.