2021 жылғы 14 қаңтарда вашингтондық Стратегиялық қауіп-қатерлер орталығының платформасында Орташа және қысқа қашықтықтағы зымырандар туралы шарттың ядролық құрамдас бөлігі: тұжырымдар мен халықаралық аспектілер"тақырыбында он-лайн конференция өтті.
АҚШ-та 5 жыл бұрын құрылған бұл тәуелсіз коммерциялық емес орталық халықаралық қауіпсіздікке төнетін қатерлерді жүйелі талдаумен, стратегиялық және әдеттегі қару-жарақты бақылау саласындағы практикалық іс-әрекеттер туралы сараптамалық ұсыныстар әзірлеумен айналысады.
Конференцияға АҚШ-тан, бірқатар Еуропа және Азия елдерінен 20-ға жуық сарапшы қатысты. Қазақстан атынан ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институты Басқарма төрағасының орынбасары Болат Нұрғалиев қатысқан еді.
Орта және қысқа қашықтықтағы зымырандар туралы шартты жаңартудың тұжырымдамалық тәсілдері туралы негізгі баяндаманы Стэнфорд халықаралық қауіпсіздік орталығының лекторы және Гувер институтының зерттеушісі, НАТО Бас хатшысының бұрынғы орынбасары Роуз Готемюллер ұсынды.
Орта және қысқа қашықтықтағы зымырандар туралы шартты жаңартудың тұжырымдамалық тәсілдері туралы негізгі баяндаманы Стэнфорд халықаралық қауіпсіздік орталығының лекторы және Гувер институтының зерттеушісі, НАТО Бас хатшысының бұрынғы орынбасары Роуз Готемюллер ұсынды.
Атап айтқанда, ол АҚШ-тың жаңаӘкімшілігі кезінде Ресеймен және басқа да ядролық қаруға ие ірі мемлекеттермен осы бағыттағы келіссөздерде оң беталыстың болуы мүмкін деп үміттенді.
Жаңа тұжырымдаманы ілгерілету жөніндегі жұмыстың практикалық қырларын талқылау кезінде қазақстандық сарапшы Болат Нұрғалиев конференцияға қатысушылардың назарын халықаралық қарым-қатынастардағы сенім мәселесін қалпына келтірудің, ядролық қаруды кез келген мақсатта қолдану әрі оны қолдану қаупіне қарсы іс-қимылда жаһандық ынтымақтастықты қамтамасыз етудің бірінші кезектегі қажеттілігіне аударды.
Ядролық және басқа да жаппай қырып-жоятын қарусыз әлемге қол жеткізу мақсатындағы біздің еліміздің бастамаларына ерекше назар аударылды. Қару-жарақты бақылау саласында жасалған халықаралық келісімдердің шеңберінде қабылданған міндеттемелерді сөзсіз орындауға саяси басшылықты ынталандыру бойынша түрлі елдердің сарапшылық қоғамдастығының күш-жігерін біріктіру қажеттілігі ерекше аталып өтті.