2024 жылғы 19 желтоқсанда ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Амангелді Тәженов «Синьхуа» ақпараттық агенттігінің тілшісіне Қазақстан-Қытай қатынастарының жай – күйі мен даму перспективаларына, «Бір белдеу-бір жол» мегабағдарламасын іске асыруға, сондай-ақ Қытайдың Орталық Азия елдерімен ынтымақтастығының форматтары мен бағыттарын кеңейтуге қатысты мәселелер бойынша сұхбат берді.