2021 жылы 19 тамызда онлайн форматта Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған халықаралық «дөңгелек үстел» өтті. Аталған іс-шараны Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Елшілігі ұйымдастырды.
"Дөңгелек үстелде" Бангладеш Республикасының бұрынғы Сыртқы істер министрі - Оңтүстік Азиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Ифтехар Ахмед Чоудри, Коста-Риканың Сингапур Республикасындағы Елшісі Виктор Рохас, Сингапурдың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Зулькифли Бахарудин, сондай-ақ Қазақстанның Сингапурдағы Елшісі Аркен Арыстанов Қазақстанның жаһандық ядролық қатерді азайту үдерісіндегі рөліне баға берді.
Сыртқы саяси зерттеулер институтының Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев аталған конференцияға қатысып, тақырып шеңберінде баяндама жасады (сөз сөйлеу мәтіні қоса беріледі).