Қоғамның Директорлар кеңесінің төрағасы Р.Ю. Василенко мен Директорлар кеңесінің мүшесі Б.Х. Тәшеневтың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды; Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелері болып Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары А.А. Исетов және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс басқармасының басшысы Ә.А. Жайжұманова сайланды; Директорлар кеңесінің төрағасы болып Тәуелсіз директор Т.С. Кабдрахманов сайланды.