+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

«Қазақстан-Америка қарым-қатынасына 30 жыл: сол кезде және қазір» вебинар туралы

2021 жылы 20 қазанда Нью-Йоркте орналасқан Американдық сыртқы саясат жөніндегі ұлттық комитеті (АССҰК)және Қазақстанның Нью-Йорктегі Бас консулдығымен бірлесіп онлайн режимінде «Қазақстан-Америка қарым – қатынасына 30 жыл: сол кезде және қазір» семинарын ұйымдастырды. Америкалық тараптан АССҰК Президенті, АҚШ Мемлекеттік хатшысының бұрынғы орынбасары Сьюзан Эллиот, АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы елшілері Джордж Крол және Джон Ордвэй өкілдік етті. Іс-шараға қазақстандық тараптан Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Ержан Ашықбаев және ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институтының Басқарма Төрағасы, Қазақстанның АҚШ-тағы бұрынғы Елшісі Болат Нұрғалиев қатысты.

Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың қалыптасу тарихы және Нұр-сұлтан мен Вашингтон арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестік перспективалары мәселелері бойынша ауқымды диалог өтті. Болат Нұрғалиев өз сөзінде жас республиканың қалыптасуының бастапқы кезеңінде біздің елмен қарым-қатынастың берік іргетасын қалау процесінде мемлекеттік аппараттан, жеке сектордан, аналитикалық орталықтардан және бұқаралық ақпарат құралдарынан американдық әріптестердің сындарлы үлесін жоғары бағалады.