+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Қазақстанның Азаматтық альянсының 10-форумына қатысу

2021 жылы 22 қарашада ССЗИ Халықаралық ұйымдар және интеграциялық бірлестіктер бөлімінің бастығы Мәдина Жарбосынова «Әйелдер. Бейбітшілік. Қауіпсіздік» атты Қазақстанның Азаматтық альянсының 10-шы форумы аясында ұйымдастырылған конференцияға қатысты.

М.Жарбосынова өз сөзінде жанжалдан кейінгі қалпына келтіруге қатысу үшін қазақстандық бітімгерлерді даярлауға және бітімгер әйелдерді даярлауға гендерлік аспектілерді енгізудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1325 қарарын іске асыру жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарын қабылдау елдің саяси басшылығының мәлімделген ниеттеріне сәйкес келетіні және жүзеге асырылып жатқан практикалық шараларды көрсететіні атап өтілді. Ү.ж. 25-26 қарашада М. Б. Жарбосынова Қазақстанның Азаматтық альянсының 10 форумы шеңберінде ұйымдастырылған "Өзара іс-қимыл эволюциясы: донорлық көмектен толық құқықты халықаралық әріптестікке" конференциясының модераторы ретінде сөз сөйледі. Мәдина Жарбосынова БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЮСАИД, "Еуразия" қоры, "Сорос-Қазақстан" және басқа бағдарламалар мен агенттіктерді қоса алғанда, халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өзара іс-қимыл және әріптестік перспективалары мәселелерін интерактивті талқылауды ұйымдастырды.