+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

"Қазақстан-Өзбекстан стратегиялық әріптестігінің қазіргі жағдайы мен перспективалары" атты «дөңгелек үстел»

2021 жылы 2 желтоқсанда ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев және ССЗИ сарапшысы Мұхтар Жәкенов «Қазақстан-Өзбекстан стратегиялық әріптестігінің қазіргі жағдайы мен перспективаларына» арналған "дөңгелек үстелге" қатысты. Ұйымдастырушылар ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен Орталық Азия халықаралық институты болды.

М.Қабазиев өз сөзінде Қазақстан мен Өзбекстанның стратегиялық әріптестігін тереңдету және тату көршілік қатынастарын нығайту бүкіл Орталық Азияның тұрақты дамуына оң әсер ететінін атап өтті. Елдер арасында өнеркәсіп, бизнес, энергетика, көлік, сондай-ақ ғарыш және туризм салаларындағы екіжақты байланыстар айтарлықтай жанданды (сөз сөйлеу мәтіні қоса беріліп отыр).

Іс-шарада ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, "Шығыс-Батыс"халықаралық геополитикалық болжамдау орталығының өкілдері сөз сөйледі. Өзбекстан тарапының атынан ҚР-дағы Өзбекстан Елшісі, Орталық Азия Халықаралық институты, Өзбекстан Президенті Әкімшілігі жанындағы Экономикалық зерттеулер және реформалар орталығы, Өзбекстан Президенті жанындағы стратегиялық және өңіраралық зерттеулер институты қатысты.