+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Басқарма Төрағасының ҚР-дағы АҚШ Елшілігінің саяси бөлімі басшысымен кездесуі

2021 жылы 3 желтоқсанда ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Нұр-Сұлтандағы АҚШ Елшілігінің саяси бөлімі басшысы Дэвид Алленмен кездесті. Б.Нұрғалиев американдық дипломатты институт қызметінің негізгі бағыттарымен және шетелдік аналитикалық мекемелерімен ынтымақтастық орнату жұмысымен таныстырды.

Кездесу барысында тараптар Орталық Азия өңіріндегі және одан тыс жерлердегі ахуалдың даму перспективаларына баға берді, сондай-ақ ССЗИ және АҚШ «ой орталықтарымен» өзара іс-қимылдың өзекті әлеуетін талқылады.