2021 жылғы 28-29 желтоқсанда Шанхай халықаралық зерттеулер академиясының (ШХЗА) төрағалығымен бейнеконференция форматында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің талдау орталықтары форумының (АӨСШК) 9-шы отырысы өтті. Форум алғаш рет тұрақты жұмыс істейтін институт ретінде әрекет етеді.
Іс-шараға Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев қатысты (сөз сөйлеу мәтіні қоса беріледі). Сондай-ақ форумда АӨСШК мүше мемлекеттердің жетекші талдау және ғылыми - зерттеу орталықтарының басшылары мен сарапшылары баяндамалар жасады.