+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысымен кездесу

2022 жылғы 30 мамырда Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша алдағы республикалық референдумда ШЫҰ байқаушылар миссиясының басшысы ретінде Қазақстанға келген Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы Чжан Минмен кездесті.

Әңгімелесу барысында Б.Нұрғалиев ШЫҰ Бас хатшысын Институт қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды. ССЗИ-ді ШЫҰ аналитикалық құрылымдарының форум жұмысына тарту мүмкіндігінің практикалық аспектілері талқыланды. Сондай-ақ, қауіпсіздік саласындағы сегіз ірі елдің өзара іс-қимылының халықаралық беделге ие өңірлік құрылымы, сын-қатерлер мен қауіптерге бірлесіп ден қою, экономикалық және гуманитарлық байланыстар шеңберіндегі серіктестікті дамытудың жалпы мәселелері қозғалды.

2007-2009 жылдары ШЫҰ Бас хатшысы қызметін атқарған Б.Нұрғалиев қытайлық әріптесімен тұрақты жұмыс істейтін атқарушы және үйлестіруші органды басқару тәжірибесімен бөлісті.