2024 жылғы 3 шілдеде ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Астана Конгресс-орталығында «дөңгелек үстелде» Шанхай ынтымақтастық ұйымының қызметіндегі Қытайдың рөліне арналған ШЫҰ-ның мәдени-гуманитарлық өлшемін ілгерілетуге бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуына ерекше назар аудара отырып сөз сөйледі.
Қытай Медиа-корпорациясы ұйымдастырған іс-шараға Қытай Компартиясы Орталық Комитеті Халықаралық бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Медиа корпорация басшысы Шэнь Хайсюнь, «Jibek Joly» телеарнасының басқарушы директоры Еркежан Күнтуған, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов, Ресей Федерациясының Федерация Кеңесінің сенаторы Андрей Денисов, ШЫҰ бұрынғы Бас хатшысы Владимир Норов (Өзбекстан) және ШЫҰ-ға қатысушы елдердің басқа өкілдері қатысты.
Болат Нұрғалиевтың сөзінің мәтіні қоса беріледі.
Іс-шара аясында Басқарма Төрағасы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары және Астанадағы ШЫҰ-ның 24-ші саммиті тақырыптары бойынша бірнеше қытайлық БАҚ-қа сұхбат берді.
(https://www.youtube.com/watch?v=azI65oG58-g
https://fb.watch/t6obVfnlSt/)