+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Түркіменстан Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық қатынастар институтының стратегиялық зерттеулер орталығымен онлайн кездесу

2022 жылғы 31 мамырда онлайн режимінде Сыртқы саяси зерттеулер институты мен Түрікменстан Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық қатынастар институтының Стратегиялық зерттеулер орталығы басшылықтарыңың әңгімесі өтті. Кездесудің ұйымдастыруында Түрікменстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Батыр Реджепов үлкен рөл атқарды. Түрікмен тарапынан Орталық директоры Шири Шириев пен аға ғылыми қызметкер Аллаберды Ниязов әңгімеге қатысты.

Қазақстан-Түрікмен стратегиялық қарымқатынастығының аналитикалық құрамын дамыту мақсатында әріптестік байланыстар орнату мәселелері талқыланды. Екі институттың басшылары Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы саяси, сауда-экономикалық, көлік-транзиттік және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын бағалаумен алмасты. Сондай-ақ, жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер қозғалды.

Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев өзі басқарып отырған ұжымның Қазақстан-Түрікмен достық қарым-қатынастарына және тату көршілікті нығайтуға үлес қосуға ниетті екенін атап өтті. Қазақстанның Түрікменстанның бейбітсүйгіш сыртқы саясатын және Ашхабадтың Орталық Азия аймағында және одан тыс жерлерде ынтымақтастықты әрі дамыту жөніндегі бастамаларын қолдайтыны ерекше атап өтілді.

Кездесу нәтижесінде екі талдамалық құрылымның сыртқы саясат мәселелері бойынша зерттеулер жүргізгенде және түрлі форматтағы халықаралық іс-шараларды тұрақты бірлесіп өткізуге өзара іс-қимылын орнату туралы келісімге қол жеткізілді.