+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Елшісімен кездесу

2022 жылғы 22 маусымда ССЗИ-де Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесті.

Басқарма Төрағасының орынбасары сұхбаттасын Институт қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды.Екі ел арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастықтың жай-күйі талқыланды. Өзбекстан Елшісі Институттың өз еліндегі бейінді талдау құрылымдарымен өзара іс-қимылын дамытуға ықпал етуге дайын екенін білдірді.

Кездесуге Корпоративтік хатшы Гауһар Бейсеева мен Өзбекстан Республикасы Елшілігінің кеңесшісі Рустамджан Хакимов қатысты.