2022 жылғы 9 қарашада ССЗИ Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев қазақ, орыс және қытай тілдерінде жарық көрген "Қазақстан-Қытай: тату көршілік және өзара тиімді ынтымақтастықтың үш онжылдығы" атты мерейтойлық кітаптың тұсаукесеріне қатысты. Кітапта ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысында Қазақстан–Қытай қатынастарының орнауы мен дамуына кешенді шолу ұсынылған.
ССЗИ Төрағасының орынбасары өз сөзінде ҚХР Төрағасының Қазақстанға мемлекеттік сапары кезінде екі елдің көшбасшылары екіжақты қатынастардың жаңа «алтын 30 жылдығын» ашатын Қазақстан мен Қытайдың бірлескен мәлімдемесіне қол қойғанын атап өтті Сондай-ақ, М.Қабазиев кітаптың Қазақстан мен Қытайдың стратегиялық серіктестігінің мәнін ашудың толықтығы бойынша бірегей екенін атап өтті ( мәтін қоса беріледі).
Іс-шараға ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының директоры Б.Б. Темірболат, Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы Елшісі Ш.Ш. Нұрышев, Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо, кітаптың авторлық ұжымының өкілі Т. Т. Шаймергенов, Қазақстандағы CNPC бас директоры Ли Юнхун, сондай-ақ қазақстандық сарапшы-синологтар қатысты.