2022 жылғы 10 қарашада Сыртқы саяси зерттеулер институтында ССЗИ АҚ Директорлар кеңесінің жаңадан тағайындалған төрағасы, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Кеңеске ҚР СІМ Сыртқы саяси талдау және болжау департаментінің директоры Даурен Карипов, Басқарма мүшелері, құрылымдық бөлімшелердің басшылары және Талдау және болжау тобының қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында ССЗИ Басқарма төрағасы Болат Нұрғалиев үш жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы, атап айтқанда институттың өзекті сыртқы саяси және Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара әркеттесуі мәселелері бойынша талдамалық материалдарды дайындау барысы туралы есеп ұсынды.
Роман Василенко ҚР СІМ басшылығының институттың ақпараттық-талдамалық жұмысының сапасына қанағаттанғандығын атап өтіп, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік мүдделері саласына қатысты әлемдік және өңірлік процестерге ғылыми-зерттеу сараптамасын тереңдетудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша Директорлар кеңесінің төрағасы ССЗИ аналитикалық және қаржы-шаруашылық қызметінің нақты аспектілері бойынша ұсыныстар білдірді.