2022 жылғы 1 желтоқсанда Арменияның Қазақстандағы елшілігінде ССЗИ Басқарма төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиевтің Елші Армен Гевондянмен кездесуі өтті.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы Қазақстан мен Арменияның өзара іс-қимылының өзекті мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, ССЗИ-нің армян ғылыми және аналитикалық орталықтарымен, оның ішінде сыртқы саяси мәселелер бойынша пікірталастар мен конференциялар, сондай-ақ бірлескен зерттеулер жүргізу арқылы байланыс орнату бойынша өзара қызығушылық білдірілді.