2022 жылғы 7 желтоқсанда Астана қаласында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде АӨСШК-ға мүше мемлекеттердің және төрағалықтың бірқатар өкілдері салтанатты түрде ұйымның мерейтойлық медалімен марапатталды. Марапатталғандардың арасында ССЗИ Басқарма төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев болды.
«АӨСШК-ге 30 жыл» атты мерейтойлық медалі 2022 жылдың наурыз айында тағайындалды және АӨСШК процесін нығайтуға және дамытуға қосқан зор еңбегі мен құнды үлесі үшін беріледі.
Мерейтойлық жылы бірінші және екінші сыныптардың медалімен АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің 330 өкілі марапатталды.