+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Қазақстан-өзбек ынтымақтастығының болашағы туралы Ташкентте өткен халықаралық конференциясы

2022 жылғы 27 желтоқсанда ССЗИ Басқарма төрағасы Болат Нұрғалиев Ташкенттегі Орталық Азияның Халықаралық институты, Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы Стратегиялық және өңіраралық зерттеулер институты және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Өзбекстан және Қазақстан. Стратегиялық әріптестік пен одақтастықты дамыту перспективалары» атты халықаралық конференцияға қатысты. 

Іс-шара біздің Мемлекет басшысының желтоқсан айында Ташкентке мемлекеттік сапарының қорытындыларын бағалауға арналды. Басқа қазақстандық және өзбек сарапшыларымен бірлесіп, Болат Нұрғалиев «Өзбекстан-Қазақстан: қазіргі жаһандық және өңірлік үрдістер жағдайындағы саяси диалог» атты сессиясында сөз сөйледі (Сөз мәтіні қоса беріледі).