+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Бакуде көрнекті мемлекет қайраткері, Әзербайжанның бұрынғы Президенті Гейдар Әлиевтің 100 жылдығына арналған халықаралық конференция

2023 жылғы 1-4 мамырда ССЗИ Басқарма төрағасы Болат Нұрғалиев көрнекті мемлекет қайраткері, тәуелсіз Әзірбайжанның бұрынғы президенті Гейдар Әлиевтің 10 мамырда туғанына 100 жыл толуына орай «Өткеннен бүгінге және болашаққа дейін үлкен Еуразияның геосаясатын қалыптастыру» атты Баку халықаралық конференциясына қатысты.

Кездесуді Әзербайжанның жетекші жоғары білім мекемесі -АДА университеті ұйымдастырды. Баку мен Шушада өткен конференцияға 30-дан астам елдің беделді саясаткерлері, халықаралық қатынастарды зерттеушілер, экономистер және ірі кәсіпкерлер қатысты. Қазіргі заманның геосаяси мәселелерінің кең ауқымы, Еуразия құрлығының өзекті сын-қатерлер мен қауіп-қатерлерге оңтайлы ден қою шараларын іздеудегі рөлі мен орны талқыланды. Конференция қатысушыларымен Президент Ильхам Әлиев кездесті, ол халықаралық және өңірлік ахуалдың бағасымен, сондай-ақ Әзірбайжанның қазіргі заманның негізгі трендтерін стратегиялық көзқарасымен бөлісті.

Б. Нұрғалиев а.ж. 2 мамырда «Өңірдің геосаясатын қалыптастырудағы көшбасшылықтың рөлі» сессиясында баяндама жасады (сөз мәтіні қоса беріледі).