2023 жылғы 15 наурызда онлайн-режимде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институты мен Эфиопия Сыртқы істер Министрлігі жанындағы Сыртқы істер институты басшылығының кездесуі өтті. Екі талдамалық құрылым арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Қазақстан тарапынан Меморандумға CCPИ басқарма төрағасы Болат Нұрғалиев, Эфиопия тарапынан - Сыртқы істер институтының атқарушы директоры Десалегн Амбо Белете қол қойды. Меморандумда өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамыту, өзара ақпарат алмасу, жобалар мен зерттеу бағдарламаларын әзірлеу, бірлескен іс-шаралар өткізу көзделеді.
Іс-шараға Қазақстанның Эфиопиядағы елшісі, Африка Одағы жанындағы ҚР Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов, Эфиопия институтының қызметкерлері Мелаку Мулуалем және Дарескедар Тайе, ССЗИ сарапшысы Гүлден Қасқарбаева қатысты. Тараптар арасында жаһандық және өңірлік ахуалды, Астана мен Аддис-Абеба алдында тұрған сыртқы саяси және экономикалық сын-қатерлерді талқылау, сондай-ақ Қазақстан мен Эфиопияның түрлі салалардағы ынтымақтастығының перспективалары туралы пікір алмасу өтті.