+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

«Бір белдеу, бір жол» бастамасының 10 жылдығына арналған «Қазіргі Қытай: сұрақтар мен жауаптар» атты семинарына қатысу

2023 жылғы 23 сәуірде ССЗИ Басқарма төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев «Бір белдеу, бір жол» бастамасының 10 жылдығына орай Қазақстан мен Қытай БАҚ сарапшылары мен өкілдерінің «Қазіргі Қытай: сұрақтар мен жауаптар» атты семинарына қатысты. Іс-шара қазақстандық Қытайды зерттеу орталығы тарапынан ҚХР-ның Астанадағы Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Семинарға ҚХР-ның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяо, сондай-ақ Қазақстанның ғылыми мекемелерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қазақстандық және қытайлық саясаттанушылар қатысты.