+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Қытайға жұмыс сапары туралы

2023 жылғы 17-23 маусым аралығында ССЗИ Басқарма төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев қазақстандық сарапшы-саясаттанушылар делегациясының құрамында ҚХР-ға жұмыс сапарына қатысты.

Сапар барысында Қытайдың жетекші ғылыми-зерттеу институттары мен сараптамалық орталықтарының (Ресей институты, Шығыс Еуропа және Орталық Азия, Қытай қоғамдық ғылымдар академиясы, ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің дамуды зерттеу орталығы, Қытайдың заманауи қоғамдық қатынастар академиясы, халықаралық мәселелерді зерттеу бойынша Қытай институты, Жібек жолын зерттеу институты, Солтүстік-Батыс университетінің Орталық Азия институты, Сиань шет тілдер университетінің халықаралық қатынастар институты) басшыларымен кездесулер өтті.

Қазақстандық және қытайлық сарапшылар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелеріне, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберінде екі елдің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру жолдарына, шілде саммиті қарсаңында ШЫҰ даму перспективаларына, сондай-ақ «Қытай - Орталық Азия» бірінші саммитінің қорытындылары бойынша пікір алмасты. 

М. Қабазиев кездесулер қатысушыларын Институт қызметінің негізгі бағыттары, соның ішінде қытайлық ғылыми және аналитикалық құрылымдармен әріптестік байланыстарды дамыту, оның ішінде бірлескен іс-шаралар өткізу туралы хабардар етті.

Қазақстандық делегация Азиядағы алғашқы автоматтандырылған терминалдың (Циндао порты), «Қытай-ШЫҰ пилоттық аймағының інжу – маржаны» халықаралық ЭКСПО-орталығының, Сиань халықаралық сауда-логистикалық паркінің, «Ай-Цзюй» майлы және дәнді дақылдарды өңдеу жөніндегі өнеркәсіптік корпорациясының қызметімен танысты.

Біздің сарапшылар Солтүстік-Батыс университетінің Қазақстанды зерттеу орталығы дайындаған «Көк кітап: Қазақстанның 2022 жылғы дамуы туралы баяндама» атты талдамалық құжатының тұсаукесеріне қатысты. Қазақстандық делегация мүшелері «CGTN» Қытай телеарнасына ҚР-ның ҚХР-мен жан-жақты стратегиялық әріптестігінің жай-күйі мен даму перспективалары туралы сұхбаттар берді.