+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Аймақтық конференция туралы

2023 жылғы 29 тамызда Сыртқы саяси зерттеулер институтының аға сарапшысы Сергей Савельев «Ядролық қарудың гуманитарлық салдары және Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ» атты аймақтық конференцияға қатысты.

Іс-шара Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне байланысты өткізілді. Конференцияны Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығы, Халықаралық Қызыл Крест комитеті, ICAN және Sokka Gakkai International үкіметтік емес ұйымдары бірлесіп ұйымдастырды.

Конференцияға Орталық Азия өңірі елдерінің дипломаттары мен сарапшылары қатысты.