+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

ҚАРУСЫЗДАНУ САЛАСЫНДАҒЫ БҰҰ СТИПЕНДИАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

2023 жылғы 21 қыркүйекте Сыртқы саяси зерттеулер институтының Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Қазақстан СІМ Халықаралық қауіпсіздік департаментінің басшылығымен бірлесіп жаппай қырып-жою қаруын (ЖҚҚ) бақылау және ядролық қарусыздану саласындағы халықаралық тәжірибені зерделеу жөніндегі екі айлық курс шеңберінде елімізге келген БҰҰ қарусыздану бағдарламасының стипендиаттарымен кездесуге қатысты. 24 елдің атынан қатысатын стипендиаттар сыртқы саяси және қорғаныс ведомстволарының, сондай-ақ бейінді халықаралық және өңірлік қауіпсіздік құрылымдарының жас қызметкерлері болып табылады.
    Б. Нұрғалиев шетелдік қонақтармен Қазақстанның Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін біздің аумағымызда болған ЖҚҚ инфрақұрылымын жою жөніндегі іс-шараларға қатысуының ерте кезеңі туралы естеліктерімен, ядролық қарусызданудың қазіргі жағдайы мен перспективаларын бағалаумен бөлісті, сондай-ақ БҰҰ стипендиаттарының сұрақтарына жауап берді.