+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

"Қытай – Орталық Азия"талдау орталықтарының үшінші Форумына қатысу туралы

2023 жылғы 21-23 қыркүйекте Сыртқы саяси зерттеулер институты Басқарма Төрағасының орынбасары Амангелді Тәженов Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия Институтының шақыруымен Шаньси провинциясының Сиань қаласында өткен «Қытай – Орталық Азия» талдау орталықтарының үшінші Форумына қатысты. Іс – шара барысында А.Тәженов «Бір белдеу-бір жол  бағдарламасын іске асыру аясындағы елдердің ынтымақтастығы» атты тақырыбында сөз сөйледі. Сонымен қатар, Солтүстік-Батыс университеті Орталық Азия Институтының, Шаньси педагогикалық университеті Орталық Азия елдерін зерттеу орталығының басшылары және қызметкерлерімен жеке кездесулер өткізді. Кездесулер барысында ССЗИ-дің қытайлық аналитикалық құрылымдармен ынтымақтастығының бағыттары мен перспективалары туралы пікір алмасты.