+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

«Әзербайжан және одан тыс жерлер үшін жасыл көзқарас» жыл сайынғы саяси форум

2024 жылғы 22-25 сәуірде Институттың Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Әзербайжанға қызметтік сапары барысында ADA университеті  ұйымдастыратын жыл сайынғы саяси форумға қатысты. Форумның тақырыбы: «Әзербайжан және одан тыс жерлер үшін жасыл көзқарас» биылғы қараша айында БҰҰ-ның жаһандық климаттың өзгеруі жөніндегі Дүниежүзілік конференциясына орайластырылды.
Форумға 30 елден 64 қатысушы арасында Б.Нұрғалиев 23 сәуірде Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесуге қатысты. Әзербайжан мемлекетінің басшысы халықаралық қатынастардың қазіргі жай-күйіне және Әзербайжанның сыртқы саяси ұстанымына толық баға берді. Атап айтқанда, Оңтүстік Кавказдың Орталық Азиямен өзара байланысы мәселелері қозғалды, Баку мен Астананың өңірлік және халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша өзара іс-қимылы, сондай-ақ «Орта дәлізді» қоса алғанда, интеграциялық жобаларды ілгерілету оң сипатталды.
24 сәуірде Қарабақ өңіріне сапары барысында халықаралық сарапшылар Лачин, Физули, Зангелен және Шушидің босатылған аумақтарын әлеуметтік-экономикалық оңалту үдерісімен танысты.
Бакуде және Әзербайжанның басқа да елді мекендерінде болу барысында Болат Нұрғалиев халықаралық форумның және Қазақстан-Әзербайжан қатынастарының мәселелері бойынша жергілікті БАҚ үшін бірнеше сұхбат берді.