+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Азия қоғамының Қытай саясатын талдау орталығының атқарушы директорымен кездесу

2024 жылғы 30 сәуірде ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Азия қоғамының Қытай саясатын талдау орталығының атқарушы директоры Бейтс Гиллмен, Америка бейбітшілік институтының Азия орталығының Қытай бойынша аға сарапшысы Карла Фриманмен және осы Институттың зерттеу бағдарламаларының маманы Элисон Макфарландпен кездесті.
Америкалық сарапшылар ҚХР – ның Орталық Азиядағы саясатының ерекшеліктерін, Қазақстанның «Бір белдеу- Бір жол» стратегиялық Қытай бастамасы шеңберіндегі бірлескен жобаларға тартылуын, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы желісі бойынша саяси, экономикалық және гуманитарлық өзара іс-қимылдың жай-күйі мен перспективаларын, Орталық Азия елдерінің әртүрлі мемлекеттермен диалогының қолданыстағы платформаларын (С5+) бағалауға қызығушылық танытты.
Кездесу барысында даму, қауіпсіздік және өркениет саласындағы қазақстандық көзқарас Қытайдың жаһандық бастамалармен байланысты талқыланды.