2025 жылғы 19 мамырда ССЗИ Басқарма төрағасы Болат Нұрғалиев Қытай қоғамдық ғылымдар академиясы Жапония институтының директорының орынбасары Лу Яодунның басшылығымен аталған Институттың сарапшылар делегациясымен кездесті.
ОА-ҚХР форматындағы, сондай–ақ БҰҰ, ШЫҰ және АӨСШК шеңберіндегі өңірлік өзара іс-қимылды қоса алғанда, саяси, экономикалық және гуманитарлық салалардағы Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестігі мәселелері бойынша мазмұнды пікір алмасу өтті.
Б.Нұрғалиев қытайлық әріптестерін Институт қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырып, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бағалауларымен бөлісті.
Ынтымақтастықты одан әрі дамыту және екі талдау орталығы арасындағы байланыстарды қолдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.