2024 жылғы 22 мамырда Сыртқы саяси зерттеулер институтының Басқарма мүшелері Болат Нұрғалиев, Амангелді Тәженов және Манарбек Қабазиев Иран Ислам Республикасының Астанадағы елшілігіне барды.
Болат Нұрғалиев және оның әріптестері 2024 жылғы 19 мамырда ИИР Президенті Ибрахим Раисидің, Сыртқы істер министрі Хосейн Әмир Абдоллахиянның және басқа да ирандық жоғары лауазымды тұлғалардың тікұшақ апатынан қаза тапқаны туралы көңіл айтып, қолтаңба қалдырды.