2024 жылғы 22 мамырда ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев және оның орынбасарлары Амангелді Тәженов пен Манарбек Қабазиев Ресейдің Астанадағы елшісінің резиденциясында жұмыс түскі асқа қатысты.
Елші Алексей Бородавкин және РФ СІМ Сыртқы саяси жоспарлау департаментінің (СЖД) директоры Алексей Дробинин қазақстандық сарапшылар үшін Ресей дипломатиясы шешетін өзекті мәселелер туралы брифинг өткізіп, халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің жай-күйіне, Ресейдің Қазақстанмен екіжақты форматта және интеграциялық бірлестіктер шеңберінде әртараптандырылған ынтымақтастығының перспективаларына баға берді.
Өз тарапынан Болат Нұрғалиев және оның әріптестері Сыртқы саяси зерттеулер институтының тәжірибелік қызметі және шет елдердің бейінді аналитикалық орталықтарымен әріптестік байланыстарды кеңейту жөніндегі іс-шаралары туралы айтып берді.
Ресей Федерациясының Астанадағы елшілігі мен Ресей СІМ-нің СЖД ССЗИ-дің ресейлік сарапшылар қауымдастығымен өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша өзара іс-қимылын жандандыруға жәрдемдесу туралы уағдаласқа қол жеткізілді.