+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

ЕО мен Қазақстанға қатысты трансұлттық қатерлер мәселелері бойынша халықаралық дөңгелек үстелге қатысу туралы

2024 жылғы 14 қарашада ССЗИ Талдау және болжамдау тобының сарапшысы Алмат Тоекин ЕО мен Қазақстанға қатысты трансұлттық қатерлер мәселелері бойынша халықаралық дөңгелек үстелге қатысты. Іс-шараға Нидерланды, Италия, Латвия сарапшылары, АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Испания және Германияның дипломатиялық миссияларының, ҚР-дағы халықаралық ұйымдардың (БҰҰДБ, ОААДӨО, ЕҚЫҰ, БҰҰ ЕҚБ) басшылары, Қазақстанның мемлекеттік, талдамалық, академиялық құрылымдары мен қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысты. 
Дөңгелек үстелді Қазақстан Республикасының қолдауымен Еуропалық одақтың өкілдігі мен Нидерланды Корольдігінің Елшілігі ұйымдастырды. 
А.Тоекин пленарлық сессияда «Орталық Азия елдері үшін Ауғанстаннан келетін қауіпсіздік қатерлері» атты баяндама жасады.