2025 жылғы 2 маусымда ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев ШЫҰ үшін халықаралық құқықтық дайындық және ынтымақтастық орталығының Еуразиялық зерттеулер институтының директоры, Шанхай саяси ғылымдар және құқық университетінің профессоры Ли Синге сұхбат берді.
Ағымдағы жылдың маусым айында Астанада өтетін «Орталық Азия – Қытай» екінші саммитіне байланысты Б.Нұрғалиев Қазақстанның ҚХР-мен ұзақ мерзімді және өзара тиімді қарым-қатынастар құру жөніндегі, оның ішінде «Бір белдеу, бір жол» стратегиялық бастамасын іске асыруға қатысу, сондай-ақ Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының желісі бойынша көп қырлы өзара іс-қимыл шеңберіндегі басымдықтарын сипаттады.