+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

«CGTN» Қытай Медиа-корпорациясының Еуропалық бөлімшесіне сұхбат

2025 жылғы 14 шілдеде ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Қытайдың «CGTN» Медиа-корпорациясының Лондондағы еуропалық бөлімшесіне ШЫҰ-ға қатысушы елдердің саяси, экономикалық және гуманитарлық өзара іс-қимылы мәселелері бойынша сұхбат берді.
2025 жылғы 15 шілдеде Бейжіңде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына байланысты Б. Нұрғалиев ұйымның жаһандық және өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті ілгерілетудегі басымдықтары туралы сұрақтарға жауап берді, ШЫҰ-ның ҚХР-дың қазіргі төрағалығы кезеңіндегі жетістіктерін, сондай-ақ ағымдағы жылдың күзінде өтетін ШЫҰ саммитіне қатысты дайындықтың нақты аспектілерін атап өтті.