2026 жылғы 30 наурызда Cыртқы саяси зерттеулер институтында Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиевтың Халықаралық ілгерілету тобының жетекшісі Елизавета Руденко бастаған Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (ММХҚИ) делегациясымен кездесуі өтті. Делегация құрамында Басқару және саясат факультеті деканының орынбасары Мария Уткина және «Аймақтық интеграцияны зерттеу институты» Қоғамдық қорының жетекшісі Таисия Мармонтова болды.
Келіссөздер барысында ғылыми-білім беру және гуманитарлық салалардағы екіжақты өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті. М.Қабазиев Институт қызметінің негізгі бағыттарын таныстырып, оның Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын сараптамалық-талдамалық сүйемелдеудегі рөлін ерекше атап өтті, сондай-ақ Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының гуманитарлық жазықтықтағы жоғары деңгейі мен үдемелі дамуын атап өтті.
Е.Руденко өз кезегінде Халықаралық қатынастар мен дипломатия саласындағы жас мамандарды қолдауға және кәсіби дамытуға бағытталған «Болашақ әлемдік көшбасшылар зертханасы» іс-шарасын қоса алғанда, ММХҚИ іске асырып жатқан халықаралық білім беру бастамаларының нәтижелері туралы хабардар етті.
Тараптар институционалдық өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге, академиялық және сараптамалық алмасуларды кеңейтуге, сондай-ақ гуманитарлық байланыстарды нығайтуға және кәсіби диалогты дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруға өзара мүдделілігін растады.
Кездесу қорытындысы бойынша тұрақты жұмыс байланыстарын қолдау және тәжірибелік ынтымақтастықтың жаңа нысандарын әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.


.jpg)