+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

«ОРТАЛЫҚ АЗИЯ: ӨҢІРЛІК ДАМУДЫҢ ЖАҢА ПАРАДИГМАСЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСУ

2026 жылғы 14 мамырда ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев Өзбекстанның Әлемдік экономика және дипломатия университеті жанындағы Дипломатиялық академия ұйымдастырған «Орталық Азия: өңірлік дамудың жаңа парадигмасы» халықаралық конференциясына онлайн-форматта қатысты.
Конференция аясында өңірлік өзара іс-қимылдың өзекті мәселелеріне арналған тақырыптық сессиялар өтті. Қатысушылар Орталық Азиядағы ынтымақтастық динамикасын және халықаралық қатынастарда өңірлік субъективтілікті қалыптастыруды, жаһандық сын-тегеуріндерге өңірлік қауіпсіздік пен ұжымдық жауаптар мәселелерін, тұрақты өсу факторлары ретінде экономикалық интеграция мен көлік байланысының перспективаларын, сондай-ақ гуманитарлық ынтымақтастықты, ғылыми-білім алмасуды дамытуды және жалпы Орталық Азия бірегейлігін қалыптастыруды талқылады.
М.Қабазиев бірінші сессия аясында «Орталық Азиядағы ынтымақтастық динамикасы және халықаралық қатынастардағы өңірлік субъективтіліктің қалыптасуы» тақырыбында сөз сөйлеп, Орталық Азия өзінің өңірлік күн тәртібі мен өсіп келе жатқан саяси субъективтілігі бар халықаралық қатынастардың дербес субъектісі ретінде біртіндеп қалыптасып келе жатқанын атап өтті. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының сенім, прагматизм және мүдделерді өзара есепке алу ахуалын дамытуға ықпал ететін консультативтік кездесулері өңірішілік өзара іс-қимылды нығайтуда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.
Сөз барысында сондай-ақ бірлескен зерттеу және білім беру бастамаларын іске асыруды қоса алғанда, Орталық Азия елдерінің дипломатиялық академиялары мен сараптамалық-талдау орталықтары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігіне назар аударылды.
Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар сындарлы өңірлік диалогты жалғастырудың, халықаралық қатынастардың жауапты және ықпалды субъектісі ретінде Орталық Азияны үйлестіру және ілгерілету тетіктерін нығайтудың маңыздылығын растады.