+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

«МАНАРБЕК ҚАБАЗИЕВ: БРЮССЕЛЬДЕГІ КЕЛІССӨЗДЕР ҚАЗАҚСТАН МЕН ЕО СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІН АШАДЫ».

2026 жылғы 25 маусымда ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Брюссельге ресми сапарының қорытындысы бойынша «Егемен Қазақстан» республикалық газетіне түсініктеме берді.
Сарапшы өз түсініктемесінде Мемлекет басшысының Еуропалық Одақ пен Бельгия басшылығымен келіссөздері Қазақстан мен ЕО арасындағы стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейін растағанын, сондай-ақ көлік байланысы, энергетика, аса маңызды минералдар және цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықтың жаңа перспективаларын белгілегенін атап өтті.
М.Қабазиевтың айтуынша, сапар барысында қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстанның Еуразияның негізгі транзиттік-логистикалық торабы және Еуропалық Одақтың сенімді серіктесі ретіндегі рөлін одан әрі нығайтуға ықпал ететін болады.
Түсініктеменің толық мәтіні «Егемен Қазақстан» газетінің сайтында жарияланған: https://egemen.kz/article/415702-bryussel-kelissozderi-–-dgaqandyq-igi-dgol