2026 жылғы 26 маусымда Тәуелсіздік сарайында Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ сараптамалық-талдау қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев медиа және сараптамалық қоғамдастық өкілдеріне жоғары кәсібилігі және елдің сыртқы саяси бағытын ақпараттық сүйемелдеуге қосқан елеулі үлесі үшін шын жүректен ризашылығын білдірді.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын ақпараттық-талдамалық сүйемелдеуге қосқан зор үлесі үшін ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев және Институттың Талдау және болжамдау тобының бас сарапшысы Валерий Ситенко Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрлігінің жоғары бағасы Институт қызметкерлерінің елдің сыртқы саяси бағытын сараптамалық-талдамалық сүйемелдеуге, халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша талдамалық материалдар дайындауға және Қазақстанның сыртқы саясаты мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысуға бағытталған кәсіби қызметін тану болып табылады.
.jpg)