+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

МАНАРБЕК ҚАБАЗИЕВ: ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІ АППАРАТЫН КҮШЕЙТУ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ДЕГЕН ПРЕВЕНТИВТІ ТӘСІЛДІ НЫҒАЙТАДЫ

2026 жылғы 1 қыркүйекте «The Astana Times» халықаралық басылымында Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратының жаңа форматын құруға арналған материал жарияланды. Мақалада ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиевтың түсініктемесі берілген, ол Аппаратты күшейтуді ұлттық қауіпсіздік саласындағы стратегиялық басқару жүйесін одан әрі жетілдіру ретінде қарастыру қажеттігін атап өтті.
Сарапшының айтуынша, геосаяси, экономикалық, ақпараттық және технологиялық сын-қатерлердің күрделене түсу жағдайында қазірдің өзінде пайда болған қатерлерге жауап қайтарудан оларды ерте анықтауға және превентивті түрде болдырмауға көшудің мәні ерекше. Осыған байланысты талдамалық әлеуетті дамыту, ведомствоаралық үйлестіру және заманауи стратегиялық болжау құралдарын пайдалану маңызды.
Жаңартылған Аппараттың тиімді жұмыс істеуі, сондай-ақ Қазақстанның ашықтық пен халықаралық құқықты ұстануын сақтай отырып, заманауи сын-қатерлерге тиімді жауап бере алатын болжамды әрі орнықты мемлекет ретіндегі халықаралық беделін нығайта алады.
Материалдың толық нұсқасымен «The Astana Times» сайтында танысуға болады: https://astanatimes.com/2026/09/experts-kazakhstans-new-security-council-apparatus-signals-shift-toward-preventive-security/