+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Пәкістандық саясаттанушымен кездесу

Басқарма Төрағасы Б.Нұрғалиев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған Нұр-Сұлтанда өткен "Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен" атты VI Халықаралық байқау қатысушысын пәкістандық саясаттанушы және Пәкістанның жаһандық саясат және аналитикалық зерттеулер институты Сараптамалық кеңесінің мүшесі Мехмұд ул Хассан Ханды қабылдады.

Кездесу барысында ғылыми және талдау орталықтары арасында, оның ішінде конференциялар мен бірлескен зерттеулер жүргізу арқылы байланыстар орнатуға өзара мүдделілік білдірілді, сондай-ақ ССЗИ мен Пәкістан институты арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.