+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

"Бейбітшілік пен келісім үшін конфессияаралық және өркениетаралық диалог"тақырыбында дөңгелек үстел

2021 жылы 26 тамызда Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XIX отырысы қарсаңында "Бейбітшілік пен келісім үшін конфессияаралық және өркениетаралық диалог" тақырыбында онлайн форматта "дөңгелек үстелге" қатысты.

Іс-шараға Пәкістандағы Ислам идеологиясы Кеңесінің Төрағасы Қибла Аяз, Каид-и-Азам университетінің вице-канцлері, Пәкістан вице-канцлерлері комитетінің Төрағасы Мұхаммед Әли, сондай-ақ басқа да пәкістандық сарапшылар, қоғам және діни қайраткерлері, ғылыми — сарапшылық қоғамдастықтың, БАҚ және Қазақстандық өкілдері болды.

Қазақстан Тарапынан Пәкістандағы ҚР Елшісі Е. Кистафин, Н. Назарбаевтың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығының Басқарма Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкіл Б. Сәрсенбаев, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Атқарушы Директорының Орынбасары, Еуропа Кеңесінің Венециандық комиссиясының мүшесі И. Рогов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Е.Б.Оңғаров тағы басқалар қатысты.

    Б.Нұрғалиев жоғарыда аталған тақырыпта баяндама жасады (баяндама мәтіні қосымшада).