+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

«Үлкен Еуразияның саяси және экономикалық процестеріндегі көпжақты институттар: Ресей мен Қазақстаннан көзқарас» атты дөңгелек үстел

2024 жылдың 19 наурызында Мәскеуде Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев және ССЗИ басшы қызметкерлері Әмір Башбаев пен Валерий Ситенко Ресейдің халықаралық істер жөніндегі кеңесімен (РХЖК) бірлесіп ұйымдастырылған «Үлкен Еуразияның саяси және экономикалық процестеріндегі көпжақты институттар: Ресей мен Қазақстаннан көзқарас» атты дөңгелек үстелге қатысты. 

Қазақстандық сарапшылар РХЖК Бас директоры Иван Тимофеевпен, Кеңестің бағдарламалық менеджері Юлия Мельниковамен, Ресей СІМ МГИМО Халықаралық зерттеулер институтының бас қызметкерлері Ирина Болговамен және Иван Сафранчукпен, Халықаралық көлік дәліздері дирекциясы халықаралық өзара іс-қимыл департаментінің бас сарапшысы Наталья Задонскаямен, Экономика жоғары мектебінің кешенді еуропалық және халықаралық зерттеулер орталығы директорының орынбасары Александр Королевпен, Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясының өкілдері Константин Кузьмичев және Андрей Точинмен, Е.М.Примаков атындағы ӘЭХҚИ РҒА Посткеңестік зерттеулер орталығының өкілі Станислав Притчинмен ЕАЭО, ШЫҰ, ҰҚШҰ, АӨСШК аясындағы Қазақстан мен Ресейдің өзара іс-қимылына, сондай-ақ ЕАЭО-ның «Бір белдеу, бір жол» қытайлық стратегиялық бастамасымен ұштасуына байланысты мәселелер кешені талқыланды. 

Б.Нұрғалиев, А.Башбаев және В.Ситенко, сондай-ақ Қазақстанның Мәскеудегі елшілігінің Кеңесші-елшісі Ерлан Шамишев пен кеңесші Алмаз Нұрбеков еуразиялық кеңістіктегі бірқатар интеграциялық бірлестіктерге еліміздің ағымдағы төрағалығы барысында дөңгелек үстелге қатысушылардың назарын Қазақстанның басымдықтарына аударды.

РХЖК-мен бірлесіп өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша сараптамалық пікірталастар өткізу тәжірибесін жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.