Шанхай, 2021 жылғы 26 тамыз – Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми ынтымақтастықты одан әрі қарай дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институтының (ҚР СІМ жанындағы ССЗИ) Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев пен Шанхай халықаралық зерттеулер академиясының (ШХЗА) президенті Чэнь Дунсяо онлайн кездесу барысында ҚР СІМ жанындағы ССЗИ мен ШАМИ арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Іс-шараға ҚР СІМ жанындағы ССЗИ, ШАМИ және Шанхайдағы ҚР Бас консулдығының қызметкерлері қатысты.
Онлайн кездесу барысында жоғарыда аталған "ақыл-ой орталықтарының" басшылары екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі қарай дамытуға байланысты кең ауқымды мәселелер бойынша пікір алмасты. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бұдан соң әріптестік қарым-қатынаста болуға келісті, сондай-ақ жақын арада түрлі салалардағы қазақстан-қытай ынтымақтастығын кеңейту мәселелері бойынша бірлескен онлайн іс-шаралар өткізуді жоспарлады.