+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілдерімен кездесу

2021 жылғы 15 сәуірде Сыртқы саяси зерттеулер институтының Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының стратегиялық даму, зерттеу жұмысы және халықаралық әріптестік жөніндегі Вице-ректоры Айгүл Көшербаевамен кездесті. Кездесуге сондай-ақ МБА жанындағы Дипломатия институтының директоры Мариан Әбішева және ССЗИ Басқарма төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев қатысты.

Б.Нұрғалиев әріптестерін ССЗИ қызметінің орта және ұзақ мерзімді перспективадағы негізгі бағыттары туралы хабардар етті. Ғылыми және талдамалық зерттеулерді жүзеге асыру, ССЗИ талдаушылары мен Академия оқытушыларымен бірлескен іс-шараларды өткізу, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ахуалдың өзекті аспектілерін талқылау бойынша диалог алаңдарына қатысуды үйлестіру барысында өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды.

 

Тараптар Impact-factor коэффициентімен шетелдік жетекші басылымдарда бірлескен жарияланымдарды ілгерілетудегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша ССЗИ сарапшылары мен МБА докторанттары мен магистранттарының өзара тағылымдамасын қоса алғанда, қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға негіз болатын ретінде Ынтымақтастық туралы меморандумға болашақта қол қою туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.