2019 жылғы 4 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саяи зерттеулер институтының (ССЗИ) Басқарма Төрағасы Айымдос Божігітов пен Иордания Хашимит Корольдігінің Елшісі Юсуф Абделғанидің кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылын, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.
Сонымен қатар, Иордания Елшісі екі елдің мәдени-гуманитарлық, ғылыми, білім беру және әскери-техникалық салаларындағы, сондай-ақ туризм бағытындағы ынтымақтастығының ахуалы мен болашағы туралы айтып өтті.
Өз кезегінде, А.Божжігітов өзі басқаратын Институттың сыртқы саясат және халықаралық қатынастар салаларындағы зерттеулермен айналысатын жетекші халықаралық институттары және ғылыми-зерттеу орталықтарымен ынтымақтастықты кеңейтудегі ағымдағы қызметімен таныстырып өтті.
Ю.Абделгани СЗИ Басқарма Төрағасын Иордания Хашимит Корольдігінің Дипломатия институтының басшылығымен келіссөздер, сондай-ақ сарапшылар қауымдастығымен кездесулер өткізу мақсатында Амманға сапармен шақырды.
Тараптар тұрақты бірлескен іс-шаралар арқылы тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.
ҚР СІМ ССЗИ