Үстіміздегі жылғы 28 қыркүйекте Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігінің қолдауымен швейцариялық «Joint Chambers of commerce «Switzerland - CIS» сауда палатасының алаңында «New Silk Road Forum V» вебинары өтті. Вебинардың басты тақырыбы ̶ «COVID 19 and China's BRI - Impact on Linkages in Energy, Infrastructure & Trade through Central Asia and South Caucasus to Europe» (COVID 19 және Қытайдың «Белдеу және жол бастамасы» - Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ арқылы Еуропаға энергетика, инфрақұрылым және сауда байланыстарына әсер ету).
Аталған вебинар Швейцариядағы Орталық Азия және ТМД елдері мәселелерімен айналысатын бірнеше сарапшылар қатысуымен өтті: Цюрихтегі Жоғарғы политехникалық федералды мектебінің аға зерттеушісі Бенно Цог, «Militzer & Munch Holding» компаниясының аймақтық директоры Николаус Колер, Еуропа және Өзбекстан арасындағы бизнес ынтымақтастық қауымдастығының бас директоры Ойбек Шаиков, швейцариялық сауда палатасының басқарушы директоры Дорин Саллис. Вебинарда Қазақстан тарапынан ҚР Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы Саясат Зерттеулер Институты Төрағасының орынбасары Болат Нурғалиев баяндама жасады. БЖБ атқару бағытында Қазақстанның манызды ролі туралы сонымен қатар Нұрлы Жол жаңа экономикалық саясатқа байланысты жобалар пандемияға қарамастан дұрыстап қамтамысыз етіліп жаткандығы айтылды. (Баяндаманың толық мәтіні ағылшын тілінде қосымшада).